Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

4-мәтін

Конспект

Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?

Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. Психологтардың айтуы бойынша әр адамның өзіне ұнайтын іспен айналысқаны дұрыс. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге  ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады?

  • Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу т.б. қолөнермен айналысуға болады.
  • Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адам бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көпқабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кіріссеңіз болады.
  • Топтама жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқ, жұмсақ ойыншықтар және т.б.
  • Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа және т.б.
  • Блог жүргізіңіз. Интернет беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі пайдалы форумдарға қатысып, білім жетілдіруге және өз іс-тәжірибеңізбен бөлісуге де болады.
  • Спортпен шұғылданыңыз. Фитнес клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, бадминтон, волейбол, үстел тенисі, баскетбол ойнаңыз, шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз. Үнемі спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Сүйікті ісімен айналысу арқылы адам миын тынықтырып, демалады. Уақытты тиімді пайдаланып, сүйікті ісімен айналысқан адам өзін-өзі дамытып, жаңа жетістіктерге қол жеткізеді.

                                                                                                    Барлығы - 232 сөз

                                             (Мәтін интернет желісінен алынды)



Вопросы
  1. Мәтін мазмұны бойынша психологтардың кеңесі

  2. Мәтін мазмұны бойынша көңілсіздіктен арылтатын іс

  3. Мәтін мазмұны бойынша блогерлер немен айналысады?

  4. Адамның сүйікті ісімен айналысуының пайдасы

  5. Спортпен шұғылданудың артықшылығы

Сообщить об ошибке