Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Түркістан облысының 700-ден астам мектеп директоры министрлік мониторингінің қорытындысы негізінде басқару құзыреттіліктерін арттырады

ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің өткен жылдың қараша айындағы білім беру ұйымдарының қызметін кешенді талдау және бағалау қорытындысы бойынша Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандарының, сондай-ақ Арыс және Түркістан қалаларының мектептерінде бұзушылықтарды жою және білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Түркістан облысында жүргізілген кешенді мониторинг сегіз негізгі критерийді қамтыды, оның ішінде білім ұйымдарының кадрлық құрамы да бар. Қазіргі уақытта «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы халықаралық сарапшыларды тарта отырып, өңірлерден 767 басшының біліктілігін арттыру және басқару құзыреттерін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

«Бұл шара білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді және білім беру процесінің сапасын жоғарылатуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1000-нан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңарту мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Сапалы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін міндетті нормативтік тізбе тиісті сәйкестікке келтірілді», - деді білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің бас сарапшысы Эльмира Кадимова.

Сонымен қатар, педагогикалық құрамның сапасын арттыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастық орнатылды. Комитет өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар оқушылардың академиялық көрсеткіштерін арттыруға, білім ұйымдарындағы жалпы ахуалдың жақсаруына және мектеп, ата-ана мен қоғам арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Ссылка на источник: МОН РК