Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысындағы Жібек жолы кентінің мектебіне барды. Министр оқу кабинеттері мен спорт залын аралап, кітапхана мен асхана жұмысымен танысты. Мұғалімдермен және мектеп оқушыларымен көркем әдебиет оқу, пікірталас сайысы мен мектеп парламентінің жұмысы бойынша әңгімелесті. Сапар аясында Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға дайындық жұмыстарымен танысып, мектеп құрылысына арналған орынды барып көрді. Жібек жолы кентінде 2023 жылы 300 орындық жаңа мектеп-лицей пайдалануға беріледі. Бұл елдімекендегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешеді деп күтіліп отыр. Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін орын тапшылығы мәселесін түбегейлі жою үшін 1200 орындық тағы бір мектеп салынады. 

 

Асхат Аймағамбетов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Тараптар қазақстандық оқушыларды FLEX бағдарламасы бойынша оқыту, педагогтердің біліктілігін арттыру және мұғалімдерге арналған сертификаттар мен курстарды тану мәселелерін талқылады. АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм ынтымақтастыққа дайын екенін айтып, екіжақты байланыстың әлеуетін атап өтті. Кездесуде мұғалімдердің біліктілігін арттыру, колледждерді дамыту, инклюзивті білім беру мәселелері де талқыланды.

 

Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрлігінің кубогі үшін оқушылар арасында өткен республикалық дебат турнирінің жеңімпаздарын марапаттады. Республикалық кезеңдегі зияткерлік сайысқа облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған 100-ден астам оқушы қатысты. Үздік өнер көрсеткен 27 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бүгінгі таңда қазақстандық мектептерде дебат қозғалысы белсенді дамып жатыр. Республика бойынша дебат клубтарының саны 6 мыңнан асады. Оларға 100 мыңнан астам оқушы қатысады.

 

Ссылка на источник: МОН РК