Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеңес мүшелері оқу-ағарту және балалар құқығын қорғау саласындағы маңызды мәселелермен бөлісті. Ғани Бейсембаев кеңес мүшелерінің ашық әрі әділ жұмыс жасайтынына сенім білдірді.

«ҚР Оқу-ағарту министрлігі үшін қоғамдық кеңестің ролі маңызды. Өзекті мәселелерді көтеріп жан-жақты жұмыстарды жасауларыңыз тиіс. Оқу-ағарту министрлігі өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелерімен ашық қарым-қатынас орнатып жұмыс атқарады», - деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес құрамына 23 адам кіреді. Олардың қатарында жеке білім беру, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, депутаттар, IT-саласының мамандары және педагогтар бар.

Ссылка на источник: МОН РК