Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

«iTest: Үздік нәтиже-2021» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды!

2021 жылдың 22 ақпанынан 22 шілде аралығында дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «iTest: Үздік нәтиже-2021» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды. Бұл Қазақстанның барлық 10-11 сынып оқушыларына жоғары оқу орнына грант әрі бағалы сыйлық ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік. 

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары сынып оқушыларына www.itest.kz онлайн білім беру ресурсын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауға және жаңа форматтағы ҰБТ-ға тиімді дайындалуда ауыл мен қаладағы мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету.

Білім беру гранттарынан бөлек, байқау барысында үздік қатысушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар, үздік 100 қатысушыға кепілді сыйлық табысталады!  

Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен, бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), серіктес – Нархоз университеті, серіктес  – Каспий Қоғамдық университетінің демеушілігімен өтуде.

Қатысу толықтай тегін. Байқауға қатысып, ГРАНТ жеңіп алуға шақырамыз! 

Толығырақ сілтеме бойынша өтіп, таныса аласыздар! 

Ссылка на источник: cсылка