Өткізу уақыты: 22.02.2021 – 22.07.2021
Барлық қатысушылар үшін Байқауға қатысу ТЕГІН!
Бас жүлделер:
-
ҚР ең үздік жоғарғы оқу орындарында оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдігі бар грант.
Байқаудың онлайн кезеңіндегі жалпы рейтинг бойынша үздік 100 жеңімпазға кепілді жүлде.
Мазмұны:
1) Байқаудың жалпы ережелері:
-
Атауы – «iTest: Үздік нәтиже-2021» байқауы, (ары қарай – Байқау).
-
Байқау Қазақстан Республикасының барлық аумағында өтеді.
-
Байқау екі кезеңге бөлінген:
3.1. “iTest: Үздік нәтиже-2021» байқауынның онлайн кезеңі: демеуші мен ұйымдастырушылардан кепілді сыйлықтар алатын ең үздік 100 қатысушыны анықтайды. Байқаудың онлайн кезеңі itest.kz платформасында 2021 ж. 22 ақпанынан 22 маусымға дейін ғаламтор желісі арқылы өтеді.
3.2. Байқаудың офлайн кезеңі: 2021 жылдың 7–22 шілде аралығында өтеді. Байқаудың ең үздік 100 жеңімпазы қатарына кірген, ресми ҰБТ-да 70 және одан жоғары балл алған тек 11-сынып оқушылары бас жүлде – еліміздің ең үздік ЖОО ұсынған кез келген мамандыққа оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдігі бар оқу грантын жеңіп алу үшін арнайы емтихан тапсырады.
3.3. Грантты сарапқа салу офлайн форматында ЖОО базасында емтихан түрінде өтеді.
3.4. Ең үздік ТОП-100-ге кіретін 11-сынып оқушылары, грантты сарапқа салуға қатысуға мүмкіндігі жоқ болса, онлайн кезеңнің шарттары бойынша кепілді жүлдені пошта арқылы ала алады.
2) Байқаудың мақсаттары:
-
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау.
-
Оқушыларды ҰБТ тапсыруға ынталандыру.
-
Қазақстан мектептерінің бітіруші түлектерін ҰБТ-ға дайындалу барысында АКТ ресурстарын белсенді қолдануға тарту
3) Байқауға қатысушылар:
-
Байқауға қатысуға ҚР-ның 10, 11-сыныптарда оқитын мектеп оқушылары, орта және арнайы білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері жіберіледі.
-
Байқауға қатысу барлық қатысушылар үшін ТЕГІН.
-
Қатысушы itest.kz сайтындағы қатысушы сауалнамасындағы барлық деректердің дұрыс толтырылуына толықтай жауапты. Деректер дұрыс толтырылмаған жағдайда ұйымдастырушылар сауалнаманың күшін жоюға және қатысушының нәтижесін Байқау рейтингінен алып тастауға құқылы.
-
Байқауға Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар жіберілмейді.
4) Байқаудың басталу және аяқталу мерзімдері:
-
Байқаудың басталатын күні: 22 ақпан 2021 жыл.
-
Байқаудың аяқталатын күні: 22 шілде 2021 жыл.
-
Байқау екі басты кезеңнен тұрады – онлайн-кезеңнің нәтижесі бойынша рейтингідегі үздік 100 қатысушы анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады және офлайн-кезең, анықталған 100 үздік қатысушы оқу гранттарын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.
-
Онлайн-кезең 2021 жылдың 22 ақпанынан 22 маусымға itest.kz платформасында 3 онлайн ҰБТ тапсыру арқылы жүзеге асады.
-
Қосымша, әр айдың соңында (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым) Байқаудың онлайн-кезеңінде байқауға қатысушылар арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ойнатылым Instagram әлеуметтік желісіндегі @bilimland.kz аккаунтында тікелей эфирде өткізіледі.
-
Байқаудың офлайн кезеңде гранттарды ойнатуға қатысуға мүмкіндік: онлайн-кезеңінің жалпы рейтинг бойынша үздік 100 қатарына кірген қатысушылар, ресми ҰБТ-да шекті 70 балл (кем дегенде) алған және Қазақстан Республикасы мектептерінің 11-сынып оқушылары болып табылатын қатысушылар мүмкіндік алады.
5) Байқауды өткізу тәртібі мен форматы:
- Байқауға қатысу үшін itest.kz сайтына тіркеліп, Байқау Ережелерімен келісетінін растай отырып, қатысушы сауалнамасын толығымен дұрыс толтыру қажет.
- Байқаудың онлайн кезеңін өткізу кезінде itest.kz сайтында 3 байқау ҰБТ-сы қолданылады. Яғни, ең жоғарғы балл жинау үшін қатысушыға 3 мүмкіндік беріледі. 3 байқау ҰБТ-ның ең жоғарғы балы рейтингке кіреді. Байқаудың онлайн-кезеңі аяқталған соң (19 маусым 2021 ж.), жалпы рейтинг бойынша үздік 100 қатысушылар бас жүлде - еліміздің ең үздік ЖОО ұсынған кез келген мамандықта оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдігі бар грантты жеңіп алу үшін офлайн кезеңге шақырылады.
- Жалпы рейтинг барлық 3 байқаулық ҰБТ-ның ішіндегі ең жоғарғы бір ҰБТ-ның нәтижесін көрсетеді.
- Байқаудың онлайн кезеңі 2021 жылдың 22 ақпанынан 22 маусымға дейін www.itest.kz платформасында өткізіледі.
- Сондай-ақ, Байқаудың онлайн кезеңінде әр айдың соңында (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым) байқаудың барлық қатысушылары арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ойнатылым Instagram әлеуметтік желісіндегі @bilimland.kz аккаунтында тікелей эфирде ұйымдастырылады.
- Онлайн-кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік 100-ке кірген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- Байқаудың офлайн-кезеңі 2021 жылдың 7-22 шілде аралығында өткізіледі.
- Бұл кезеңде ресми ҰБТ тапсыру кезінде кем дегенде шекті 70 балл жинаған және тек 11-сынып оқушылары болып табылатын Байқаудың онлайн-кезеңінің қорытындысы бойынша ең үздік 100 рейтингісіне кірген байқауға қатысушылар AlmaU және МУИТ-тің ішкі Байқауына қатысуға шақырылады.
- Жоғарғы оқу орындарының ішкі Байқауында неғұрлым көп балл жинаған жеңімпаздар бас жүлде - Университеттің “Білім беру гранттары және жеңілдіктері” Ережесінде жазылған (бағалар, GPA) үлгерім талаптарын сақтаған жағдайда барлық кез-келген мамандықтың оқу кезеңіне 100 пайыздық жеңілдік грантын алады.
- Жеңімпаз оқу грантынан бас тартқан жағдайда Ұйымдастырушылар комитеті немесе Байқау комиссиясы оқу грантын рейтинг тізімінде келесі тұрған қатысушыға табыстау туралы шешім қабылдай алады.
- Гранттар барлық мамандықтар мен тіл бөлімдеріне таратылады. Басты анықтаушы фактор – ҰБТ-ның бейінді пәндері мен межелі балдар болады: қатысушы кем дегенде 70 балл жинау қажет, әр пән бойынша жинаған балл саны 5-тен кем болмауы тиіс.
6) Жеңімпаздарды анықтау:
-
Байқаудың онлайн-кезеңіндегі жалпы рейтинг жеңімпаздары 3 сынақтық ҰБТ-ның ішіндегі ең жоғарғы бір ҰБТ-ның нәтижесін көрсетеді.
-
Байқаудың онлайн-кезеңінде (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым) байқаудың барлық қатысушылары арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ойнатылым Instagram әлеуметтік желісіндегі @bilimland.kz аккаунтында тікелей эфирде өтетін болады.
-
Байқаудың онлайн кезеңінде жалпы рейтингтегі көшбасшылар арасында ең жоғары балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, ҰБТ-ны өтуге жұмсалған уақыт ескерілетін болады.
-
Бірнеше қатысушының арасында жалпы рейтингтің орташа балының көрсеткіштері сәйкес болған жағдайда, онлайн-кезеңде 3 байқаулық ҰБТ-ны өтуге жұмсаған жалпы уақыттың орташа маңызы ескерілетін болады.
7) Жеңімпаздарды марапаттау:
-
Байқаудың онлайн кезеңнің нәтижелері мен онлайн-кезеңінің жалпы рейтингтегі үздік 100 қатысушының тізімі 2021 жылдың 25 маусымда bilimland.kz және itest.kz сайтында жарияланады.
-
Байқаудың онлайн кезеңіндегі үздік 100 жеңімпаз оқу грантының емтиханына яғни офлайн кезеңге қатыса алмайтын болса, байқау ережесіне сәйкес сыйлықтарын пошта арқылы алады. Сыйлықтар байқау нәтижелері анықталғаннан кейін бір айдың көлемінде жіберіледі.
-
Байқаудың онлайн кезеңіндегі 100 жеңімпаз, бас жүлденің ұтыс ойынына қатысу үшін Алматы қаласына келулері керек. AlmaU және МУИТ-тің ішкі Байқауының нәтижесі бойынша оқу гранттарына ие болған жеңімпаздар марапатталатын болады. Жолға және жатын орнына кететін қаражатты Байқауға қатысушылардың өздері көтереді.
8) Байқаудың ұйымдастырушылары және демеушілері:
-
Байқаудың Бас ұйымдастырушысы – Bilim Media Group компаниясы.
-
Бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU).
-
Серіктес – Нархоз Университеті.
-
Cеріктес – Каспий Қоғамдық Университеті.
-
Ақпараттық серіктестер – «Хабар Агенттігі» АҚ, «Білімді ел» газеті, bilim-all.kz.
Орын | Қатысушылардың мәліметтері | Балл | Уақыт | Аймақ |
---|---|---|---|---|
1 | Мейірімжан Сейдуш | 140 | 00:47:52 | Қызылорда облысы |
2 | Бекасыл Сейдахметов | 140 | 01:33:43 | Қостанай облысы |
3 | Василий Сирота | 140 | 01:50:38 | Павлодар облысы |
4 | Диас Бақытжанұлы | 138 | 00:45:04 | Қызылорда облысы |
5 | Adiet Ussen | 138 | 02:26:16 | Ақтөбе облысы |
6 | Бексултан Мустафин | 138 | 03:42:13 | Маңғыстау облысы |
7 | Ерсұлтан Өмірзақов | 137 | 01:04:16 | Қызылорда облысы |
8 | Әлішер Рүстембек | 137 | 01:23:26 | Қызылорда облысы |
9 | Isaak Avdalyan | 137 | 01:46:52 | Қостанай облысы |
10 | НАЗАР ЖУМАБАЕВ | 137 | 02:21:48 | Қостанай облысы |
11 | Amitov Kamal | 136 | 02:58:59 | Жамбыл облысы |
12 | Азиза Нурмагамбетова | 136 | 03:47:42 | Ақтөбе облысы |
13 | Сәкен Қалила | 135 | 01:23:26 | Қызылорда облысы |
14 | Айжан Жолдасбай | 135 | 03:05:13 | Нұр-Сұлтан |
15 | АЛИЯ НУРБЕРДИЕВА | 134 | 01:36:37 | Батыс Қазақстан облысы |
16 | Андрей Венниккс | 134 | 01:41:48 | Нұр-Сұлтан |
17 | Агзам Максотов | 134 | 01:51:24 | Батыс Қазақстан облысы |
18 | Балжан Әлімжан | 134 | 03:15:36 | Алматы облысы |
19 | Aidar Akhmet | 134 | 03:26:58 | Алматы |
20 | Ернар Керимов | 134 | 03:27:56 | Шығыс Қазақстан облысы |
21 | Алмаз Орынбасаров | 133 | 01:35:40 | Атырау облысы |
22 | АЗАМАТ ЖАРБОЛҒАН | 133 | 02:39:50 | Ақтөбе облысы |
23 | Адиет Усен | 131 | 03:18:26 | Ақтөбе облысы |
24 | Улыкбек Бимаганбет | 130 | 00:23:05 | Нұр-Сұлтан |
25 | Нурай Сагидуллаева | 130 | 01:45:15 | Алматы |
26 | Сабина Нұралы | 130 | 02:21:26 | Шымкент |
27 | Ернур Адилханов | 130 | 02:48:07 | Павлодар облысы |
28 | Машанло Махинур | 130 | 02:55:07 | Жамбыл облысы |
29 | Гюзель Смаилова | 129 | 01:35:37 | Нұр-Сұлтан |
30 | Бауыржан Смайлов | 129 | 01:45:11 | Алматы |
31 | Гулжазира Бақытова | 129 | 02:06:57 | Батыс Қазақстан облысы |
32 | Карипбекова Нұрсара | 129 | 02:34:20 | Алматы |
33 | Аружан Жаркынова | 129 | 03:02:06 | Жамбыл облысы |
34 | Дариға Әбдірова | 128 | 01:47:00 | Алматы |
35 | Назымгүл Бөрібай | 128 | 02:21:58 | Атырау облысы |
36 | МАТВЕЙ КОРОТКОВ | 128 | 03:04:34 | Алматы |
37 | Биби Жанаберген | 128 | 03:49:00 | Алматы |
38 | Марал Мишан | 127 | 01:31:18 | Алматы |
39 | Сара Дасхал | 127 | 01:51:16 | Ақтөбе облысы |
40 | Зарина Кадырова | 127 | 02:17:52 | Маңғыстау облысы |
41 | Злата Штырбу | 127 | 03:18:42 | Ақмола облысы |
42 | Нұрғалым Джамбул | 126 | 03:03:52 | Қостанай облысы |
43 | Жанболат Сабитов | 125 | 02:16:38 | Алматы |
44 | Наргиз Ошакбаева | 125 | 02:33:51 | Қостанай облысы |
45 | ВЛАДА ПЕПКЕ | 125 | 02:34:13 | Қостанай облысы |
46 | АРШИДИН МАЛИКОВ | 125 | 02:43:30 | Алматы облысы |
47 | Демис Цхай | 125 | 03:02:04 | Алматы |
48 | ЖАКЕБИ ЕСІМХАН | 125 | 03:37:06 | Алматы облысы |
49 | АЯУЛЫМ РАХМЕТУЛЛА | 124 | 02:10:18 | Алматы |
50 | Бақдәулет Ерқараев | 124 | 02:40:59 | Шымкент |
51 | Жансая Даулетханова | 124 | 02:54:15 | Алматы |
52 | Ибраһим Қуандық | 123 | 01:59:58 | Шымкент |
53 | Арман Әбдірахман | 123 | 02:10:43 | Нұр-Сұлтан |
54 | Вилана Тойшибекова | 123 | 02:12:54 | Алматы |
55 | Диана Ағысова | 123 | 03:12:59 | Шығыс Қазақстан облысы |
56 | Анель Успанова | 123 | 03:13:09 | Павлодар облысы |
57 | Даир Катаев | 123 | 03:17:53 | Алматы |
58 | Fariza Khamitova | 123 | 03:39:20 | Ақтөбе облысы |
59 | Назерке Ошаганова | 122 | 02:27:40 | Алматы |
60 | Нұршат Қанат | 122 | 02:45:41 | Атырау облысы |
61 | Анель Оразалина | 122 | 02:50:28 | Солтүстік Қазақстан облысы |
62 | Serik Qosymbai | 122 | 03:05:40 | Маңғыстау облысы |
63 | Айдана Кдырниязова | 122 | 03:57:28 | Батыс Қазақстан облысы |
64 | Толкын Отеуова | 121 | 01:30:49 | Қызылорда облысы |
65 | ДАЛИЯ КАМБАРОВА | 121 | 02:15:41 | Алматы |
66 | Сымбат Макулбек | 121 | 02:28:08 | Шымкент |
67 | Гадылбеков Султа | 121 | 03:23:07 | Атырау облысы |
68 | Күнсұлу Кентикеева | 121 | 03:24:32 | Қарағанды облысы |
69 | Диана Адылханова | 121 | 03:42:13 | Алматы |
70 | Диас Сабазов | 120 | 01:45:42 | Атырау облысы |
71 | Арина Рябик | 120 | 01:47:55 | Шығыс Қазақстан облысы |
72 | Жаңыл Өтеуова | 120 | 02:18:33 | Қызылорда облысы |
73 | Жулдыз Садвокасова | 120 | 02:34:29 | Нұр-Сұлтан |
74 | Samal Ramazanova | 120 | 02:46:20 | Алматы |
75 | Азамат Байсалбаев | 120 | 02:46:23 | Нұр-Сұлтан |
76 | Аясауле Амангельд | 120 | 03:00:47 | Павлодар облысы |
77 | Адеми Зеилова | 119 | 01:14:10 | Қарағанды облысы |
78 | Жанель Шынгысхан | 119 | 02:00:52 | Шымкент |
79 | худаибергенова Арайлым | 119 | 02:08:22 | Шымкент |
80 | Бақдаулет Есенгельды | 119 | 02:40:21 | Түркістан облысы |
81 | АЛЬБИНА ЕШМҰХАНБЕТОВА | 119 | 02:58:42 | Батыс Қазақстан облысы |
83 | Динмухамед Жайсенбаев | 119 | 03:16:47 | Алматы |
84 | Балсұлу Жумаханова | 119 | 03:42:41 | Маңғыстау облысы |
85 | КАРИНА ЖЫКБАЕВА | 118 | 01:24:57 | Алматы облысы |
86 | Дәурен Рүстенбекұлы | 118 | 01:30:09 | Жамбыл облысы |
87 | Нұрдәулет Қадірғали | 118 | 01:55:48 | Батыс Қазақстан облысы |
88 | Айбек Фестивал | 118 | 02:33:20 | Павлодар облысы |
89 | Тимур Байтукенов | 118 | 02:37:06 | Алматы |
90 | Әнел Қоғабай | 118 | 02:39:48 | Алматы облысы |
91 | Бақыт Жаниет | 118 | 02:41:08 | Қызылорда облысы |
92 | лаура касимова | 118 | 02:42:55 | Алматы облысы |
93 | АНЖЕЛА КОЖНИЯЗОВА | 118 | 02:44:45 | Нұр-Сұлтан |
94 | Павел Цой | 118 | 03:05:20 | Шымкент |
95 | Алишер Амангельдинов | 118 | 03:20:05 | Солтүстік Қазақстан облысы |
96 | Дариға Аманжанқызы | 117 | 01:44:13 | Батыс Қазақстан облысы |
97 | Alisa Ten | 117 | 02:38:28 | Алматы |
98 | Мария Фень | 117 | 02:47:29 | Алматы |
99 | АНЕЛЬ ДОСЫМОВА | 117 | 02:47:29 | Алматы |
100 | Дана Жанашева | 117 | 02:52:22 | Ақмола облысы |
Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Біз білім беруге қажетті контентті жасаумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT- компаниялармен, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар. Дегенмен де бәрінен де бізге мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың ықыласы қымбат, біздің жұмыс сіздерге арналады. Сайтқа өту
Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлік университет. Білім беру нарығында 30 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-университет, ТМД-да бизнес білім берудің пионері. Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады. Сайтқа өту
Нархоз Университеті сапалы академиялық дайындықты, тамаша инфрақұрылымды, жарқын студенттік өмірді ұсынады. ЖОО 2021 жылда ең ауқымды гранттық бағдарламалар, жеңілдіктер және қаржылық қолдау мүмкіндіктері жайлы хабарлайды: түрлі олимпиадалар, ҰБТ қорытындысы, серіктестеріміз ұсынатын байқаулар, әлеуметтік жеңілдіктер, спортшыларға арналған жеңілдіктер, оқу барысында жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылған. ІТ, Құқық, Бизнес, Қонақжайлық, Халықаралық қатынастар салаларына қатысты 30-дан астам мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындаймыз. Атамекен рейтингінде жұмысқа орналастыру бойынша ТОП— 10 университеттің құрамына кіреміз. Сайтқа өту
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Сайтқа өту
«Хабар Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «Хабар 24», «Kazakh TV», «ЕЛ АРНА» телеарналары кіреді. Эфирдің 70% телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Көрсетілімдердегі бағдарламалардың 90% әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтиды. Тәуліктік хабар таратудың 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Сайтқа өту
Мұғалімдер, ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар, студентер және білімге құштар барлық адам үшін арналған танымдық, ойын-сауық порталы. Сайтқа өту
BilimdiEl.kz – газет сан салалы тақырыптарға сөз қозғайды. Білім беру мекемелері мен ЖОО, колледж, мектеп, балабақша қызметкерлеріне, ата-аналар қауымдастығына, студенттер мен оқушыларға, жалпы білім саласына бейжай қарамайтын адамдарға пайдалы контент жинақталған. Басылымның мақсаты - ғылыми ой, педагогикалық еңбек пен білім саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені дәріптеу. Сайтқа өту
Caspian University көпсалалы университет болып табылады және білім беру қызметтері нарығында жоғары оқу орнына дейінгі орта білімнен кейінгі (колледж), бакалавриат және магистратурада (университет) сапалы, үздіксіз білім беретін университет. Caspian University бакалавриаттың 28 білім беру бағдарламасы, 11 білім беру магистрлік бағдарламасы, PhD докторантураның 2 білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. Caspian University студенттері мемлекеттік гранттар мен университет ректорының гранттары бойынша оқи алады. Белсенділер мен үздік студенттер халықаралық компаниялар мен ұйымдардың стипендиясына өтініш бере алады. Мұның бәрі студенттерге заманауи қоғамның бәсекелестік ортасында дамуға мүмкіндік беруге мүмкіндік береді. Сайтқа өту
Білім беру нарығында 30 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-университет, ТМД-да бизнес білім берудің пионері.
12 желтоқсан 2018 жылы Қазақстандағы бірінші ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY бизнес-жоғары оқу орнына 30 жыл толады!
AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды. Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы даму кезеңінен табысты түрде өткен Алматы менеджерлер мектебі (АММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертіліді. ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды. Жаңа стратегияға сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген жаңа атау беріліп, кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.
Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, Қазақстанда бірінші рет МВА және DBA бағдарламаларын оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.
AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды иеленген Қазақстандағы алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. Университет – инновациялық білім беру бағдарламасын жасап, жүзеге асырып, шаңа шыңдарды бағындырып, үнемі ілгері дамып отыратын оқу орны.
Almaty Management University - Eduniversal (Франция) Халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша Орталық және Оңтүстік Азия аймағына кіретін ең үздік бизнес – мектептер арасында ең ҮЗДІК -3 орында. Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСҚТҚА) Қазақстандағы ең үздік гуманитарлы-экономикалық жоғары оқу орындары атты ұлттық рейтингі бойынша ҮЗДІК- 3 орында, интернет технологияны пайдаланудағы көшбасшы университет.
AlmaU – бағыт-бағдар беретін үздік университет.
Мамандықтар
Гранттар ұтысқа салынатын мамандықтар тізімі!
Финансы
Менеджмент
Маркетинг
Логистика
Учет и аудит
Бизнес-аналитика и экономика
HR-менеджмент
Юриспруденция
Регионоведение
Государственная и международная политика
Урбанистика и сити-менеджмент
Связь с общественностью (PR)
Информационные системы
Business analytics and Big data
Software Engineering
Ресторанное дело и гостиничный бизнес
Туризм и event-менеджмент
Бизнес-администрирование в области предпринимательства
Нархоз Университеті - Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматыда орналасқан, Орталық Азияның алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарының бірі. 1963 жылы негізі қаланып, ірі жетістіктер мен ауқымды жоспарлар, көлемді өзгерістер мен реформалар дәуірінде ашылған бұл оқу орны әлі күнге еліміздегі бәсекелес оқу орындарының алдыңғы легінде тұр. Нархоз тарихын зерделеу арқылы Қазақстандағы экономикалық жоғары білім беру ісінің бастапқы қалыптасу кезеңін көруге болады. Өзінің дамуы барысында университет елімізге танымал бизнесмендер мен басқарушылардың, қаржыгерлер мен экономистердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған қара шаңыраққа айналды.
Қазіргі уақытта университетте бакалавриат студенттерін дайындаудың түрлі бағыттары бойынша 3 кәсіби мектеп жұмыс істейді: Экономика және Менеджмент Мектебі, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар Мектебі, Цифрлық технологиялар Мектебі.
Нархоз Университеті 25 бакалавриат мамандығы бойынша бүгінгі заманның жоғары білікті кадрларын дайындаумен айналысатын алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі ретінде белгілі. Бұл мамандықтардың барлығы білім беру гранттары байқауына қатысады.
Жыл сайын өткізілетін “Narxoz Challenge” олимпиадасында 170 грант пен жеңілдік байқауға тігіледі:
Нархоз Университетіндегі бұл ішкі олимпиада мынадай білім беру бағдарламалары бойынша онлайн түрде өткізіледі:
Қаржы
Есеп және аудит
Маркетинг
HR және бизнесті жоспарлау
Менеджмент
Бизнестегі тәуекел-менеджмент
Экономика
Экономикалық қауіпсіздік
Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі
Туризм және қонақжайлық
Мемлекеттік басқару
Халықаралық қатынастар
Әлеуметтік жұмыс
Экология
Тіркелу сілтеме бойынша 29 наурыздан 11 сәуірге дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Нархоз Университетіндегі бейіндік пәндер комбинациясы:
География + Математика
Физика + Математика
Адам, қоғам, құқық + Дүниежүзі тарихы
Ағылшын тілі + Дүниежүзі тарихы
Ағылшын тілі + География
Биология + География
Қабылдау комиссиясының телефондары:
+7 (727) 364 8899
+7 (747) 364 8899
Поштасы: admission@narxoz.kz
Инстаграм парақшасы: @narxoz_admission | @narxozkz
Телеграм бот: narxozchat
Caspian University
Caspian University көпсалалы университет болып табылады және білім беру қызметтері нарығында жоғары оқу орнына дейінгі орта білімнен кейінгі (колледж), бакалавриат және магистратурада (университет) сапалы, үздіксіз білім беретін университет.
Caspian University:
бакалавриаттың 28 білім беру бағдарламасы;
11 білім беру магистрлік бағдарламасы;
PhD докторантураның 2 білім беру бағдарламасы.
5 Жоғары мектеп:
«Әділет» жоғары заң мектебі
Жоғары экономика және менеджмент мектебі
Жоғары гуманитарлық мектеп
Құрылыс, сәулет және дизайн академиясы
Мұнай және газ инженерлігі, геология және ақпараттық технологиялар институты
Мамандықтар тізімі:
1. Дизайн (шығармашылық емтихандар)
2. Сәулет (шығармашылық емтихандар)
3. Бағдарламалық инженерия (физика және математика)
4. Сандық өндіріс (физика және математика)
5. Мұнайлы инженерия (физика және математика)
6. Тау-кен және мұнай-газ ісі (физика және математика)
7. Геология және табиғи ресурстарды барлау (физика және математика)
8. Мұнай және газ геологиясы (физика және математика)
9. Құрылыс (физика және математика)
10. Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (физика и математика)
11. Қоғамдық құқық (дүниежүзі тарихы және АҚҚ)
12. Құқық қорғау қызметі (дүниежүзі тарихы және АҚҚ)
13. Жеке құқық(дүниежүзі тарихы және АҚҚ)
14. Құқықтану (қытай тілі мен ҚХР заңынтереңзерттейотырып) (дүниежүзі тарихы және АҚҚ)
15. Мәдениаралық және коммуникативтік аударма (дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі)
16. Техникалық аударма (дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі)
17. Клиникалық психология (биология және география)
18. Ұйымдастырушылық психология (биология және география)
19. Мейірбике ісін басқару (биология және химия)
20. Менеджмент (география және математика)
21. Қонақжайлылық менеджменті (география және математика)
22. Мемлекеттік қызмет және басқару (география және математика)
23. Өндіріс экономикасы (география және математика)
24. Есеп және аудит (география және математика)
25. Мемлекеттік қаржы (география және математика)
26. Корпоративтік қаржы (география және математика)
27. Маркетинг (география және математика)
28. Digital маркетинг (география және математика)
Caspian University студенттері мемлекеттік гранттар мен университет ректорының гранттары бойынша оқи алады.. Белсенділер мен үздік студенттер халықаралық компаниялар мен ұйымдардың стипендиясына өтініш бере алады. Мұның бәрі студенттерге заманауи қоғамның бәсекелестік ортасында дамуға мүмкіндік беруге мүмкіндік береді.
ҰБТ нәтижелері бойынша гранттар мен жеңілдіктер!
69-89 балл - оқудың барлық кезеңіне 25% жеңілдік
90-128 балл - оқудың барлық кезеңіне 50% жеңілдік
129-140 балл - оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік
«Сәулет» және «Дизайн» білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін:
14-19 балл - оқудың барлық кезеңіне 25% жеңілдік
20-26 балл - бүкіл оқу кезеңіне 50% жеңілдік
27-35 балл - оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік
ҰБТ нәтижелері бойынша гранттар мен жеңілдіктерден басқа, ішкі гранттар мен жеңілдіктер үшін жыл сайынғы «Болашақты құру» және «Nurchallenge» олимпиадалары өткізіледі.
Университеттің құндылықтары - бұл жоғары кәсіби және этикалық стандарттарды ұстану, сондай-ақ жаңа білім мен оқыту технологиясын.«Мінсіз» ұлттық сапа белгісінің иегерлері бола отырып, Caspian University бүгінде жоғары халықаралық стандарттарға сай болуға тырысатын сапалы білімнің кепілі болып табылады.
Instagram: @caspian.university
www.cu.edu.kz
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
8 (727)323 10 09
Whatsapp: 8 7051868388
8 7778061123
