
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыдар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.
Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілі арқылы енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.
Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.
АЙТЫЛУЫ |
ЖАЗЫЛУЫ |
Ыриза Ырақат Ырас Ірең Ірет Іреніш Ылайық Ылақ Ылажсыз Ылаңкес Ілебіз Ілезде |
Риза Рақат Рас Рең Рет Реніш Лайық Лақ Лажсыз Лаңкес Лебіз Лезде |
Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;
кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;
лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т. б.;
щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тұщы, кеще;
х дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.
У дыбысы дауыссыз болады:
1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.
2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.
3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.
Ь біткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады. Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.
-
Берілген сөздер қандай дауыссыз дыбыстардан құралғанын анықтаңыз. Марал, арлан, маймыл.
-
Біркелкі ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.
-
Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
-
Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді табыңыз.
-
Бірыңғай үнді дауыссыздан тұратын сөзді белгілеңіз.
-
Бірыңғай үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
-
Дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
-
Жалғауы ұяң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
-
Сөз қатаң дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз
-
Сөздері қатаң дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.
-
Тек қатаң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз.
-
Тек қатаң дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
-
Тек үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді анықтаңыз.
-
Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз. Бұл мейрам әдеттегіден ерекше өтті.
-
Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз. Мерей мектепті келесі жылы бітіреді.
-
Тек үнді дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.
-
Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз.
-
Тек ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз.
-
Қазақтың төл сөздерінде ғана кездесетін ұяң дауыссыз дыбысты белгілеңіз.
-
Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз.
-
Қатаң дауыссыздан басталып, ұяң дауыссызға аяқталатын қала атауын табыңыз.
-
Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.
-
Қатаң дыбыстан басталып, қатаң дыбысқа аяқталатын сөзді белгілеңіз.
-
Қатаң дыбыстары бар сөздерді табыңыз.
-
Қосымшасы қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді табыңыз.
-
Құрамында бес дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
-
Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
-
Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
-
Үнді дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.
-
Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
-
Үнді дауыссыз дыбысты табыңыз.
-
Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
-
Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
-
Ұяң дауыссыздан басталып, ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
-
«У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.
-
Берілген сөздер қандай дауыссыз дыбыстан құралғанын анықтаңыз.
Кесе, соқпақ, шаттық.
-
Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз.
-
Бірыңғай қатаң дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.
-
Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.
-
Дауыссыз дыбыстар түрін анықтаңыз. Р, л, й, м, н, ң, у.
-
Дауыссыз дыбыстың үш түрі де қатысқан сөздерді белгілеңіз.
-
Көп нүктенің орнына қойылатын ұяң дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.
Ба...а, ...аз, ...ерек.
-
Сөз үнді дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.
-
Сөйлемнен тек ұяң дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.
Ол жазда жайлауда атасының үйінде болды.
-
Тек қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз.
-
Тек қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөздерді белгілеңіз.
-
Тек үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
-
Дауыссыз дыбыстың үш түрі де қатысқан сөздерді белгілеңіз.
-
Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін көрсетіңіз.
-
Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалы сөздерді табыңыз.
-
Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.
Мейрам кешке жақын келуі қажет.
-
Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.
Мейрам кешке жақын келуі қажет.
-
Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
-
Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз.
-
Қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
-
Қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталатын сөздер қатарын анықтаңыз.
-
Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
-
Үнді дауыссыздың аудармасын табыңыз.
-
Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
-
Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
-
Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөздер қатарын анықтаңыз.
-
Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.
-
Ұяң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
-
Ұяң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
-
Ұяң дауыссыздан басталған сөздер тізбегін анықтаңыз.
-
Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
-
Ұяң дауыссыздарды табыңыз.
-
Ұяң дауыссыздарды табыңыз.
-
Ұяң дауыссыздарды табыңыз.
-
Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
-
Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.