
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Буын түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.
Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.
Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
-
"Қант" сөзінің сипатын табыңыз.
-
Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
-
Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.
-
Бір буынды сөзді көрсетіңіз.
-
Бірыңғай ашық буыннан құралған сөзді табыңыз.
-
Бірыңғай бітеу буынды сөздерді көрсетіңіз.
-
Бірыңғай бітеу буыннан тұратын қала атауын көрсетіңіз.
-
Бітеу буын қалай жасалатынын анықтаңыз.
-
Бітеу буынды сөздер қатарын табыңыз.
-
Бітеу буынды сөзді табыңыз.
-
Бітеу буыннан құралған сөздер қатарын табыңыз
-
Сөздері тек бітеу буыннан тұратын сөйлемді табыңыз.
-
Тек ашық буыннан тұратын сөзді белгілеңіз.
-
Тек ашық буыннан тұратын сөзді табыңыз.
-
Тек ашық дауысты дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.
-
Тек бітеу буындардан тұратын сөзді көрсетіңіз.
-
Тек бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
-
Тек бітеу буынды сөзді табыңыз.
-
Тұйық буынды сөздер қатарын белгілеңіз.
-
Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.
-
Тұйық-ашық-ашық буыннан тұратын қала атауын көрсетіңіз.
-
Тұйық-ашық-бітеу буынды сөзді табыңыз.
-
Үш буынды сөзді табыңыз.
-
«Серт» сөзінің сипатын табыңыз.
-
Ашық-тұйық-бітеу буынды сөзді табыңыз.
-
Буын жасайтын дыбысты табыңыз.
-
Буынға бөлінбейтін сөзді анықтаңыз.
-
Буынға қате бөлінген сөзді белгілеңіз.
-
Бірыңғай ашық буынды сөздер қатарын анықтаңыз.
-
Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
-
Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.
-
Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
-
Бітеу буынға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
-
Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз.
-
Қазақ тілінде буын неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.
-
Үш буынды сөзді табыңыз.
-
Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.
-
Сөздері тек бітеу буыннан тұратын сөйлемді табыңыз.
-
Тек ашық буынды сөзді анықтаңыз.
-
Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз.
-
Тек бітеу буынды сөзді анықтаңыз.
-
Тұйық буын қалай жасалатынын анықтаңыз.
-
Тұйық буынды сөзді анықтаңыз.
-
Тұйық буынды сөзді анықтаңыз.
-
Тұйық буынды сөзді белгілеңіз.
-
Тұйық буыннан басталатын сөзді көрсетіңіз.
-
Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.