Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі

Конспект

Тіл дыбыстары екіге бөлінеді: 1) дауысты дыбыстар; 2) дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы шықққан дыбыстар.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегініп, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар айтқан кезде тілдің ілгері созылады.

Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.

Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.

Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылыр: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуы арқылы жасалады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуінен жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.

Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

 

ЖАЗЫЛУЫ

АЙТЫЛУЫ

Құрық

Жүгері

Жұмыс

Көңіл

Көркем

Өнер

Орын

Құрұқ

Жүгөрү

Жұмұс

Көңүл

Көркөм

Өнөр

Орұн

 

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.

Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.

 

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР

ҚОС СӨЗДЕР

БІРІККЕН СӨЗДЕР

Куә

Дүдәмал

Күмән

Антоним

Лото

Мазмұн

Мағлұмат

Мәжбүр

Дәстүр

Әп-әдемі

Дәрі-дәрмек

Той-томалақ

Құл-құтан

Ат-көпір

Дүние-мүлік

Салт-дәстүр

Күндіз-түні

Күмбір-күмбір

Аягөз

Қараөткел

Орынбор

Көнетоз

Аққұтан

Айнагүл

Меңдіқұл

Жанбота

Келіссөз

 

Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.

 

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Рәзинә

Жәмилә

Рәсуә

Жәйләу

Шәй

Кітәп

Рәзина

Жәмила

Рәсуа

Жайлау

Шай

Кітап

 

Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.

Соңғы буынында ы, і әріптеріне бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.

Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.

Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді, де қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып табылады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.

 

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Жыйын

Қыйын

Тыйын

Ыйық

Кійім

Кійіт

Ійне

Жиын

Қиын

Тиын

Иық

Киім

Киіт

Ине

 

Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп аталады.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.

Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.



Вопросы
  1. Сөздердің құрамындағы дауыстыларды анықтаңыз.

    Кептер, кекілік, үлгілі, өзен.

  2. «Ө» дыбысының сипаттамасын анықтаңыз.

  3. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.

  4. Жіңішке, ашық дауысты дыбысты көрсетіңіз.

  5. Жуан дауысты дыбыстардан тұрған сөзді көрсетіңіз.

  6. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.

  7. «Ү» дыбысына талдау жасаңыз.

  8. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.

  9. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.

  10. Дауысты, езулік, қысаң, жуан дыбысты анықтаңыз.

  11. «Әтеш», «көктем» сөздерінің қандай дауысты дыбыстардан тұрғанын анықтаңыз.

  12. Бірде жуан, бірде жіңішке болатын дыбысты көрсетіңіз.

  13. Жуан дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

  14. Жіңішке дауысты дыбыстан тұратын ұлттық тағам түрін анықтаңыз.

  15. Сөздері жуан дауысты дыбыстардан басталған сөйлемді табыңыз.

  16. Жуан дауысты сөзді табыңыз.

  17. «А» дыбысына талдау жасаңыз.

  18. Жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер қатарын белгілеңіз.

  19. Езулік дауысты дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.

  20. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөзді белгілеңіз.

  21. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.

  22. Жуан дауыстылар қатарын көрсетіңіз.

  23. «Ө» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

  24. Жуан дауысты дыбыстардан тұрған сөзді көрсетіңіз.

  25. Берілген сөздер қандай дауысты дыбыстардан тұратынын көрсетіңіз. Торғай, сауысқан, тырна, бұлбұл, шымшық.

  26. А, Ә, О, Ө қандай дыбыстар екенін белгілеңіз.

  27. Еріндік, езулік дауысты дыбыстары араласып келген сөзді көрсетіңіз.

  28. Қысаң дауыстылар қатарын көрсетіңіз.

  29. Ы дыбысына сипаттама беріңіз.

  30. Тек ашық дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз.

  31. Қысаң дауысты дыбыстардың қатарын белгілеңіз.

  32. Бірыңғай езулік дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.

  33. Тек езулік дауысты дыбыстардан құралған сөзді белгілеңіз. Олар тек жұма күндері келуге тырысады.

  34. Тек езулік дауысты дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз.

  35. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөзді табыңыз.

  36. Тек жуан дауысты дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.

  37. Тек қысаң дауыстылардан тұратын сөзді белгілеңіз.

  38. Тек езулік дауыстылардан тұрған сөзді белгілеңіз.

  39. Қысаң дауысты дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз.

  40. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.

  41. Жіңішке, жуан дауысты дыбыстары араласып келген сөздерді табыңыз.

  42. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

  43. «Ү» дыбысына талдау жасаңыз.

  44. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.

  45. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

  46. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөздерді белгілеңіз.

  47. Берілген сөздер қандай дауыстылардан жасалғанын көрсетіңіз.

    Кептер, кекілік, үлгілі, өзен.

Сообщить об ошибке