Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі

Конспект

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыдар.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.

3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.

Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.

Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілі арқылы енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.

Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.

 

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Ыриза

Ырақат

Ырас

Ірең

Ірет

Іреніш

Ылайық

Ылақ

Ылажсыз

Ылаңкес

Ілебіз

Ілезде

Риза

Рақат

Рас

Рең

Рет

Реніш

Лайық

Лақ

Лажсыз

Лаңкес

Лебіз

Лезде

 

Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;

кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;

лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т.б.;

щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тұщы, кеще;

х дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.

У дыбысы дауыссыз болады:

1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.

2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.

3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.

Ь біткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады. Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.



Вопросы
  1. Ұяң дауыссыздарды табыңыз.

  2. Дауыссыз дыбыстың үш түрі де қатысқан сөздерді белгілеңіз.

  3. Тек қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөздерді белгілеңіз.

  4. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.

  5. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз.

  6. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.

  7. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.

  8. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.

  9. Үнді дауыссыздың аудармасын табыңыз.

  10. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз.

  11. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалы сөздерді табыңыз.

  12. Бірыңғай қатаң дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.

  13. Қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталатын сөздер қатарын анықтаңыз.

  14. Берілген сөздер қандай дауыссыз дыбыстан құралғанын анықтаңыз.

    Кесе, соқпақ, шаттық.

  15. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.

  16. Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөздер қатарын анықтаңыз.

  17. Көп нүктенің орнына қойылатын ұяң дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.

    Ба...а, ...аз, ...ерек.

  18. Сөйлемнен тек ұяң дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.

    Ол жазда жайлауда атасының үйінде болды.

  19. Ұяң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.

  20. Дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

  21. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

  22. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді табыңыз.

  23. Үнді дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.

  24. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

  25. Бірыңғай үнді дауыссыздан тұратын сөзді белгілеңіз.

  26. Құрамында бес дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.

  27. Қазақтың төл сөздерінде ғана кездесетін ұяң дауыссыз дыбысты белгілеңіз.

  28. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталатын сөздерді көрсетіңіз.

  29. Тек үнді дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.

  30. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

  31. Қатаң дауыссыздан басталып, ұяң дауыссызға аяқталатын қала атауын табыңыз.

  32. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз. Бұл мейрам әдеттегіден ерекше өтті.

  33. Сөз қатаң дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз

  34. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз.

  35. Қосымшасы қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді табыңыз.

  36. Ұяң дауыссыздан басталып, ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

  37. Бірыңғай үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.

  38. Берілген сөздер қандай дауыссыз дыбыстардан құралғанын анықтаңыз. Марал, арлан, маймыл.

  39. Қатаң дыбыстары бар сөздерді табыңыз.

  40. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

  41. Ұяң дауыссыздарды табыңыз.

  42. Сөздері қатаң дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.

  43. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз. Мерей мектепті келесі жылы бітіреді.

  44. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.

  45. Үнді дауыссыз дыбысты табыңыз.

  46. Тек үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді анықтаңыз.

  47. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.

  48. Тек қатаң дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

  49. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын анықтаңыз.

  50. Біркелкі ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.

  51. Қатаң дыбыстан басталып, қатаң дыбысқа аяқталатын сөзді белгілеңіз.

  52. Тек қатаң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз.

  53. Тек ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз.

  54. Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.

  55. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

  56. Тек үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.

  57. Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.

  58. Дауыссыз дыбыстың үш түрі де қатысқан сөздерді белгілеңіз.

  59. Ұяң дауыссыздан басталған сөздер тізбегін анықтаңыз.

  60. Қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.

  61. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.

    Мейрам кешке жақын келуі қажет.

  62. Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұрған сөздер қатарын белгілеңіз.

  63. Тек қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз.

  64. Сөз үнді дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

  65. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін көрсетіңіз.

  66. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.

  67. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді белгілеңіз.

  68. Дауыссыз дыбыстар түрін анықтаңыз. Р, л, й, м, н, ң, у.

  69. Ұяң дауыссыздарды табыңыз.

  70. Ұяң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.

  71. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.

    Мейрам кешке жақын келуі қажет.

Сообщить об ошибке