Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Буын түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын

Конспект

Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады.

Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.

Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.

Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.



Вопросы
  1. «Серт» сөзінің сипатын табыңыз.

  2. Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз.

  3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.

  4. Ашық-тұйық-бітеу буынды сөзді табыңыз.

  5. Тұйық буынды сөзді белгілеңіз.

  6. Буынға қате бөлінген сөзді белгілеңіз.

  7. Сөздері тек бітеу буыннан тұратын сөйлемді табыңыз.

  8. Қазақ тілінде буын неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.

  9. Бірыңғай ашық буынды сөздер қатарын анықтаңыз.

  10. Тек ашық буынды сөзді анықтаңыз.

  11. Тек бітеу буынды сөзді анықтаңыз.

  12. Бітеу буынға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

  13. Тұйық буынды сөзді анықтаңыз.

  14. Тұйық буыннан басталатын сөзді көрсетіңіз.

  15. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

  16. Буынға бөлінбейтін сөзді анықтаңыз.

  17. Буын жасайтын дыбысты табыңыз.

  18. «Қант» сөзінің сипатын табыңыз.

  19. Бірыңғай бітеу буыннан тұратын қала атауын көрсетіңіз.

  20. Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.

  21. Бітеу буын қалай жасалатынын анықтаңыз.

  22. Үш буынды сөзді табыңыз.

  23. Бірыңғай ашық буыннан құралған сөзді табыңыз.

  24. Тұйық-ашық-бітеу буынды сөзді табыңыз.

  25. Бірыңғай бітеу буынды сөздерді көрсетіңіз.

  26. Тұйық-ашық-ашық буыннан тұратын қала атауын көрсетіңіз.

  27. Сөздері тек бітеу буыннан тұратын сөйлемді табыңыз.

  28. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

  29. Бітеу буынды сөздер қатарын табыңыз.

  30. Бітеу буыннан құралған сөздер қатарын табыңыз.

  31. Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

  32. Тек бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

  33. Бір буынды сөзді көрсетіңіз.

  34. Тек ашық буыннан тұратын сөзді белгілеңіз.

  35. Тек ашық дауысты дыбыстардан тұратын сөзді белгілеңіз.

  36. Тек бітеу буындардан тұратын сөзді көрсетіңіз.

  37. Тек ашық буыннан тұратын сөзді табыңыз.

  38. Тұйық буынды сөздер қатарын белгілеңіз.

  39. Тек бітеу буынды сөзді табыңыз.

  40. Бітеу буынды сөзді табыңыз.

  41. Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.

  42. Тұйық буын қалай жасалатынын анықтаңыз.

  43. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз.

  44. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

  45. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

  46. Тұйық буынды сөзді анықтаңыз.

  47. Үш буынды сөзді табыңыз.

Сообщить об ошибке