Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп

Конспект

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады. Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сияқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.

 

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.

Қазақ әліпби үш рет өзгерді: 1) араб әліпбиі; 2) латын әліпбиі; 3) кирилл әліпбиі. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.

Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.



Вопросы
  1. Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріптерді көрсетіңіз.

  2. Дыбысталмайтын әріпті табыңыз.

  3. Араб әліпбиінің негізінде қазақ әліпбиінің емлесін түзген ғалымды көрсетіңіз.

  4. Бас әріппен жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  5. Бас әріппен жазылмайтын сөздер қатарын көрсетіңіз.

  6. Бас әріпті қолдану қай әліпбиден басталғанын табыңыз.

  7. Басқа тілден енген сөздерде жазылатын әріп қатарын көрсетіңіз.

  8. Басқа тілден енген сөздерде ғана жазылатын әріпті табыңыз.

  9. Дыбыстың жазудағы таңбасы қалай аталатынын белгілеңіз.

  10. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

  11. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

  12. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымды көрсетіңіз.

Сообщить об ошибке