Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ұстаздар күніне арналған «Ұстаздықтың ұлы жолы» салтанатты іс-шарасына қатысты.Президенттік орталықта өткен мерекелік кеш еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1500-ге жуық педагогикалық қауым өкілін біріктірді. Олардың қатарында еңбек сіңірген педагогтер, педагогикалық еңбек ардагерлері, тәлімгерлер, жас мамандар және мемлекеттік наградаларға ие болған ұстаздар бар.Өз сөзінде Жұлдыз Сүлейменова педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі қолдауының арқасында педагог мәртебесін арттыру, ұстаз еңбегінің қоғамдағы айрықша рөлін мойындау және олардың кәсіби дамуына қажетті жағдай жасау білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып отырғанын атап өтті.Іс-шара барысында білім беруді дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін педагогтер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен, сондай-ақ ведомстволық наградалармен марапатталды.Мерекелік кеш қазақстандық танымал өнерпаздар, шығармашылық ұжымдар мен жас орындаушылардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Педагогтерге ерекше тарту ретінде Светлана Айтбаева шәкірттерімен бірге «Ұстазым» әнінің тұсаукесерін өткізді.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате