Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысының педагогтерімен кездесті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өңір педагогтерімен кездесті. Іс-шара Павлодар қаласындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған №48 жалпы орта білім беру мектебінде өтті.Кездесу сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды. Министр 2026-2027 оқу жылында білім беру саласына енгізілетін өзгерістер мен жұмыстың негізгі басымдықтары туралы айтты. Педагогтер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Жұлдыз Сүлейменова көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме берді.Кездесу барысында білім сапасын арттыру, педагогтерді кәсіби және әдістемелік қолдау, оқу процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Министр №48 мектептің білім беру үдерісімен және дарынды балаларды қолдау жүйесімен де танысты. Мектепте оқушылардың қабілетін анықтау және дамыту жұмыстары бастауыш сыныптан бастап сабақтастық негізінде жүргізіледі.2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің 22 оқушысы «Олимпиадалық резерв» санатына енгізілді. Оқушылар пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, пікірсайыс және шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.Өңір педагогтерімен кездесу министрдің Павлодар облысына жұмыс сапарын қорытындылады. Сапар бағдарламасы ауылдық және қалалық мектептердің жұмысын, техникалық және кәсіптік білім беруді, жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу мен педагогтерді қолдау мәселелерін қамтыды.

Ссылка на источник: МОН РК