Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ЖЕЗҚАЗҒАНДА 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХИМИЯ ПӘНІНЕН Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасы аяқталды.

Зияткерлік сайыста Қазақстанның барлық аймақтарынан 75 оқушы бақ сынады. Оқушылармен 30-дан астам тәлімгер-ұстаздар келді.

Қатысушыларға арналған емтихан екі кезеңде өтті – теориялық және практикалық. Бірінші кезеңде мектеп оқушылары күрделілігі жоғары есептерді шешсе, екінші кезеңде химиялық заттарды қасиеттеріне қарай анықтап, өз бетінше зертханалық жұмыстар жүргізді.

Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломдарымен және алтын медальдармен 8 жеңімпаз, II дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдармен 10 жүлдегер және III дәрежелі дипломдарымен және қола медальдармен 18 оқушы марапатталды.

Сонымен қатар, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің гранттары 3 қатысушыға табысталды.

Ссылка на источник: МОН РК