Жаз мезгілінде балаларға арналған олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
✅Мемлекеттік органдар өкілдері мен мониторингтік топтар келесі іс-шараларды жүргізді:
• демалыс объектілерінің дайындығы тексерілді;
• санитарлық қадағалау күшейтілді;
• демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шаралары жүргізілді;
• жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірыңғай, қауіпсіз тәсілдерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды;
• Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.