Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» АТАҒЫНА 123 МҰҒАЛІМ ҮМІТКЕР

2022 жылғы «Үздік педагог» атағына 123 мұғалім үміткер. Олар байқауға қатысушы 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынды. Конкурс қорытындысы бойынша барлығы 64 жеңімпаз анықталады. Олардың барлығы 3 млн теңгеден (1 000 АЕК) сыйақы алады.

Биыл министрлік цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Дәлірек айтқанда, байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап, республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылды. Соның арқасында түскен өтініштер саны рекордтық көрсеткішке (5,5 мыңнан астам) жетті.

Қазір байқаудың ақтық сынына балабақшалар мен мектептердің 103 мұғалімі, колледждердің 20 мұғалімі қатысып жатыр. Олар аудандық, қалалық және облыстық турлардың қорытындысы бойынша ұсынылған.

«Биыл алғаш рет өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау және апелляция беру teachercontest.iac.kz порталында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ өтінім берілген сәттен бастап барша үміткер онлайн режимде байқаудың барлық динамикасын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Яғни қатысушылар қай кезеңде, оларға сарапшылар қандай ұпай берді және т.б. бақылай алды. Биылдың тағы бір жаңалығы – әріптестеріміз конкурс комиссиясы бағалайтын ашық сабақтар өткізеді. Жүлде қорын да көбейттік. Осындай шаралардың арқасында қатысушылар саны ғана емес, олардың сапалық құрамы да артып келеді», - дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Республикалық конкурс комиссиясының құрамында қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының өкілдері және т.б. бар.

«Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын атап өтейік. Осы уақыт аралығында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық мұғалімі «Үздік педагог» атағының иегері атанды.

Ссылка на источник: МОН РК