Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

​​Төрт қазақстандық оқушы информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадаға аттанды

Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады.

Қазақстан құрамасының қатарында: Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы; Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы; Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

 Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

 Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Ссылка на источник: МОН РК