Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Техникалық және кәсіптік білімдегі маман даярлау тәжірибесі

Техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен практикалық дағды беру.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде 1500-ден астам студент 14 мамандық бойынша білім алады. Колледжде 115 педагог еңбек етеді, олардың 14-і - өндірістен келген тәжірибелі мамандар.

Оқу орнында «Ақылды үй» зертханасы, VR-технологиялар, 3D-принтер, дрон симуляторы және «Smart College» жасанды интеллект жүйесі қолданылады. Сонымен қатар, «Жасанды интеллект технигі» жаңа біліктілігі енгізілген.

Колледж студенттері түрлі халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаттары мен байқауларында жүлделі орындар иеленіп келеді.

Колледждің тәжірибесі, жетістіктері мен алдағы міндеттері туралы оқу орнының басшысы Жумағали Айнагул Көшкінбайқызы айтып берді.

Ссылка на источник: МОН РК