Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мектеп Starlink желісіне қосылды

Оқу-ағарту министрлігі су тасқыны орын алған өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмысарды жалғастыруда. Оның ішінде ҚР ЦДИАӨМ-мен бірге интернет жылдамдығы төмен ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты желіге қосу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша мектептерге Starlink желісінің терминалдары орнатылды.

«Бірінші кезекте эвакуациялық пункттер орналасқан мектептерде байланыс қондыру мен онлайн оқытуды ұйымдастыру қолға алынуда. Су тасқыны басталғалы бері 13 мектеп жоғары жылдамдықты желіге қосылды. Қазір терминалдар Ақмола және Түркістан облыстарының мектептерінде орнатылуда», - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының м.а. Майра Маралбаева.

Жалпы, еліміздің 329 мектебі Starlink технологиясын қолдана отырып, интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдар орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с құрайтын болады.

Ссылка на источник: МОН РК