Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

СТУДЕНТЫ КОЛЛЕДЖЕЙ СМОГУТ ПОЛУЧИТЬ ОТСРОЧКУ ОТ АРМИИ ЧЕРЕЗ SMS

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады, деп хабарлады Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті.

«Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.

Ссылка на источник: МОН РК