Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Республикалық бюджет қабылданды. Жақын арада мәслихат сессияларында облыстық және аудандық бюджет бекітіледі.

Республикалық бюджет қабылданды. Жақын арада мәслихат сессияларында облыстық және аудандық бюджет бекітіледі.Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, министрлік облыстардың әкімдіктері мен мәслихаттарына республикалық бюджеттен білім саласына бөлінген ақшаның (жалпы сипаттағы трансферт) басқа салаларға кетуіне жол бермеуге қатысты хаттар жолдады.Берілетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін әрбір бюджет бағдарламасы және білім беру саласына бөлінетін қаражат әрбір облыс бөлінісінде жеке қосымшада тіркелді.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында және оның білім беруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін, республикалық бюджетте көлемді қаражат көзделіп, әкімдіктерге берілді.Мысалдар келтіре кетейін:Балабақшалардағы балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қаржыландыруды ұлғайтуға қаражат қарастырылған.Яғни қазір қолда бар орындарды қамтамасыз етуге (шамамен 1 млн орын) және жаңа орындарды ашуға қаражат қарастырылған, оның ішінде тек 2023 жылы 81 мың орын ашылады. Бұл бұрынғыдан да көп, ол Президент Жолдауын жүзеге асыру үшін бөлінген қосымша қаражат.Колледж оқытушыларының, балабақша тәрбиешілерінің, мұғалімдердің, қосымша білім беру қызметкерлерінің жалақысын 2023 жылдың қаңтарынан бастап тағы 25%-ға арттыруға қаражат көзделген.Барлық деңгейдегі педагогке біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге қаражат бөлінді.Мемлекеттік толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражат қарастырылған, оған мектептер жабдық сатып алып, ал қаражат үнемделген жағдайда қызметкерлерді көтермелей алады.Дегенмен бірқатар аймақтағы мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген қаражаттың басқа мақсатқа жұмсалғанына байланысты 2022 жылы жаңа оқу жабдықтары мен жиһаз сатып ала алмаған мектептер бар.Мектептерді қосымша автобустармен қамтамасыз ету үшін әкімдіктер мектеп автобустарын сатып алуға қаражат бөлді.Колледж студенттері тегін білім алуы үшін гранттар санын көбейту қарастырылған.Бұдан басқа, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге, әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге қаражат көзделген.Енді Мемлекет басшысының білім беру жүйесінің алдына қойған міндеттерін сапалы орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған білім беру саласына бөлінген қаражатты толық көлемде жеткізу және оларды қайта бөлуге немесе басқа салаларға қайта бағдарлауға жол бермеу қажет.Біздің министрліктің сайтында жұртшылық бюджет қаражатының бөлінуін бақылау мүмкіндігіне ие болуы үшін тиісті ақпарат ұсынылады. Өз кезегінде жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін осы шығысты есепке алу туралы қосымша ақпарат жариялаймыз.

Ссылка на источник: МОН РК