Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов Солтүстік-Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді.

Вице-министр кездесу барысында облыс тұрғындарын министрлік жұмысының негізгі бағыттары мен қабылданып жатқан шаралары, оның ішінде педагогтерді оқыту және аттестациялау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жаңарту туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, вице-министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне де тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінде біз балабақшаларға кезекке қою және орындарды бөлудің алгоритмін әзірледік. Пилоттық сынақ өткізіліп, бекітілгеннен кейін жоба ел аумағында жүзеге асырылады», - деді вице-министр.

Атап өтейік, вице-министр тұрғындардың сұрақтарына да жауап берді. Оларды кадр мәселесі, ауыл мектептеріне цифрлық технологияларды енгізу, мұғалімдердің жалақысын көтеру және мектепке дейінгі мекемелерде бейнебақылауды ұйымдастыру мәселелері қызықтырды.

Ссылка на источник: МОН РК