Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы қалалық сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы елордадағы ең ірі даңғылдардың бірі Ұлы дала бойындағы тазалық жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік қоғамда экология мәдениетін арттыруға, елімізде қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.

Экологиялық акцияға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алматылық мектеп оқушыларымен бірге қатысты. Министр мұндай шараның барлық азаматтар үшін салауатты және қауіпсіз орта қалыптастыруда маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

«Акция бірінші кезекте өскелең ұрпақ бойында экологиялық мәдениет қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған. Көшет отырғызу, қаланы көгалдандыруда күш біріктіре отырып, біз еңбек етуге, туған жерімізге қамқорлық танытуға үйренеміз Бұл барлық қоғам мүшелері үшін үлгі алатын дәстүрлі шараға айналуы тиіс», - деді министр.

Атап өту керек, ауқымды іс-шараны министрліктің бағынысты ұйымдарының, аумақтық департаменттерінің, өңірлік білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің ұжымдары қолдап, сенбілікке шықты.

Ссылка на источник: МОН РК