Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды.

Меруерт Медетбекова 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, А.Байтұрсынов атындағы Тілдер академиясын бітірген, филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1986 жылы Жамбыл облысы Талас ауданының білім бөлімінде бастаған. Әр жылдары Леңгі ауданының «Георгиевка» орта мектебі, Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2001-2003 жж – аға оқытушы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент қаласы.

2003-2004 жж – оқытушы, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Филология пәндері» кафедрасы.2004-2007 жж – аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ.2007-2012 жж – аға оқытушы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ.

2014-2018 жж – кафедра меңгерушісі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша.

2018-2019 жж – директор, «SMART-маман» ЖШС оқу орталығы, Шымкент қаласы.

2019 жылдан бүгінге дейін Шымкент қалалық білім басқармасы Әдістемелік орталығының директоры қызметін атқарды.

Ссылка на источник: МОН РК