Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТА ІШІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРЫНА ШОЛУ

ҚР Оқу-ағарту министрі аппарат кеңесін өткізді. Күн тәртібінде оқушыларды әлеуметтік қолдау шаралары және еңбек нарығының сұранысына сәйкес кадрларды даярлау мәселелері қаралды. Сонымен қатар «Педагогтерді бейіндеу» және «Оқуға құштар мектеп» жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Асхат Аймағамбетов бірқатар тапсырма беріп, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше назар аударды және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына бірінші кезекте ТжКБ бюджетін аймақтарда тиімді бөлу мәселесін шешуді тапсырды.

 

Қазақстанның 16 өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар. Омбудсмендер баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды.

 

Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру ережелеріне жаңашылдықтар енгізілді.

Осы уақытқа дейін мектеп тағамдарының бағасы мен ас мәзірін жеткізушілер қалыптастырып келді. Енді түскі ыстық ас пен басқа да буфет өнімдерінің бағасын жергілікті атқарушы органдар орташа нарықтық бағаларды ескере отырып реттейді. Сонымен қатар тағамдар ассортиментінің тізімі де жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Өзгерістер туралы мәліметті ҚР Оқу-ағарту министрі Facebook парақшасында жазды.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектеп асханалары мен дәретханаларды бақылауға арналған «Балаға лайық» акциясының екінші кезеңін бастады. Кез келген адам мектеп асханалары мен дәретханаларының жағдайын жақсартуға өз үлесін қоса алады. Ол үшін білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы көрсетілген фото және бейнематериалдарды жіберу керек. Акция 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары туралы айтты. Асхат Аймағамбетов жақында елімізде 2 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған жаңа балабақшалар пайда болатынын мәлімдеді. Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын, жалақысын көтеру және олардың жүктемесін азайту мақсатында да шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, қазірдің өзінде пилоттық жоба іске асырылып, білім беру қызметкерлерінің жұмыс режимі мен еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Сондай-ақ болашақ мұғалімдерді даярлайтын педагогикалық және басқа да ЖОО-ларды аккредиттеу стандартын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл кадрлардың сапасын арттыру үшін қажет. Мектеп жүйесінде математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндері бойынша оқу сағаттарын ұлғайту жоспарланып отыр. Оқу бағдарламалары да жаңартылады. Мұғалімдер үшін қосымша курстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мыңнан астам оқушы орны ашылады. Бұл жоба үш ауысымдағы, апатты мектептердегі орын тапшылығын шешіп қана қоймай, оларды сапалы, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.

 

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» байқауын бастады.

Барша қазақстандықты челленджге белсене қатысуға, өз мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтауға және олардың қажырлы еңбегіне алғыс білдіруге шақырамыз! Ол үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

Ссылка на источник: МОН РК