Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысын өткізді Күн тәртібінде жалпы білім беретін мектептерде спорт залдарын жалға алу мәселелері талқыланды. ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингтеу және балабақшаларда жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары қаралды.

Асхат Аймағамбетов білім берудегі жаңа технологиялар бойынша EdCrunch Glocal конференциясына қатыстыЕуропадағы ең ірі жоба Алматы қаласында алғаш рет өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау». Конференцияға 25 елден 400-ден астам спикер онлайн және офлайн форматта қатысты. Олар екі күн ішінде 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталастар мен шеберлік сабақтарын өткізді. Спикерлер педагогикалық дизайн саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру саласының болашағы және жаңа технологиялардың әсерін талқылады.

Асхат Аймағамбетов «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттадыСалтанатты шарада 188 жеңімпазға 70 алтын, 61 күміс және 57 қола медаль табысталды. Министр жүлдегерлерді құтықтап, чемпионатқа қатысушыларға алғысын айтты. «WorldSkills Kazakhstan 2021» – VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 40 күн бойы 11 өңіріндегі 38 жарыс алаңында өтті. Қатысушылар 46 ресми, 10 демонстрациялық құзіреттілк бойынша дағдыларын көрсетті. «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатының 70-тен астам жүлдегері еліміздің ірі компанияларына жұмысқа шақырту алды. Республикалық чемпионаттың жеңімпаздарынан құралған Ұлттық құрама «WorldSkills Shanghai 2022» әлемдік чемпионатына қатысады.

«БҒМ LIVE» айдарында балалардың әл-ауқат индексі туралы ақпарат ұсынылдыFacebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы оқырмандардың сұрақтарына Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев жауап берді. Оның айтуынша, балалардың әл-ауқат индексі олардың өмір сүру жағдайы мен денсаулығы, білім алуы сынды маңызды салалар бойынша көрсеткіштерді анықтауға септігін тигізеді.

 

Ссылка на источник: МОН РК