Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

Асхат Аймағамбетов Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішінің ашылу салтанатына қатыстыКөрнекті философ ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен саяси қайраткерлер келді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында орнатылған монумент әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жанында орналасқан. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғұлама ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағызым етті.

Асхат Аймағамбетов Сенат отырысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған заң жобасын таныстырдыМинистрдің айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сай және мәтіндердің түпнұсқасына сәйкестігін сақтау арқылы қатесіз жазу. Жобада елдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің, физика-географиялық объектілердің атауын жазуға қатысты нормалар қарастырылған. Парламент сенаты заң жобасына көрнекі ақпаратқа қатысты енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов IT-қауымдастық өкілдерімен кездестіЖиында білім беру саласын цифрландыру, сондай-ақ IT-кадрларды даярлаумен байланысты түрлі IT-компаниялардың өкілдері бас қосты. Цифрлық экономика және білім беру мен онлайн білім беру салаларында кадр даярлау мәселелері талқыланды. IT саласы бойынша білім беруді жетілдіру үшін қолданатылатын түрлі кейстер мен тәсілдер қаралды. IT саласы өкілдерінің ұсыныс, пікірлері тыңдалды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері арасында спартакиада өттіЖарысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салтанатты түрде ашты. Асхат Аймағамбетов министрлік тарапынан салауатты өмір салтын дәріптеуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін спартакиадаға министрліктің 200-ге жуық қызметкері қатысты. Жарысқа спорттың 3 түрі бойынша волейболдан 11, футзалдан 10, үстел теннисінен 9 команда өзара бақ сынады. Спартакиадада волейболдан 1-орынды «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы, 2-орынды Ұлттық тестілеу орталығы, 3-орынды Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы иеленді. Үстел теннисі бойынша Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Білім және ғылым министрлігінің командасы, Ұлттық тестілеу орталығы 1,2,3 орынды қанжығаларына байлады. Футзалдан Ақпараттық талдау орталығы үздік ойын көрсетіп, 1-орынды қоржындарына салды. Ұлттық тестілеу орталығы 2-орынды иеленсе, Ғылым қоры командасы алғашқы үштіктің қатарынан көрінді. Жеңімпаздар арнайы кубокпен, Алғыс хаттармен марапатталды

«БҒМ LIVE» айдарында жаңа нормативті-құқықтық актілер туралы ақпарат ұсынылдыFacebook, Instagram әлеуметтік желілерінде өткен тікелей эфирде педагогтерді аттестаттау рәсіміне қандай өзгерістер енгізілгені түсіндірілді. Оқырмандардың сұрақтарына ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді. Оның айтуынша, кәсіби санатты иелену үшін мұғалімдер жазатын эссеге баға қойылмайды.

Ссылка на источник: МОН РК