Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚР БҒМ-НІҢ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІН ӨТКІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫ

Биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты түлектердің мектеп бітіру кеші өтеді. Бірақ бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс. «Желіге шолу» жобасының жаңа санында Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарын ҚР БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова айтып берді.

«Жоғары сынып оқушылары мектеп бітіру кешін асыға күтетіні белгілі, өйткені бұл өмірдің жаңа кезеңін білдіреді. Соңғы екі жылда коронавирус індеті мектеп пен ұстаздардың дәстүрлі қоштасу кешін өткізуін тоқтатып тастады. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай мұндай кешті өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ кештің барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек. Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім басқармалары түлектердің ата-аналарына бұл іс-шараларға шығындалудың тиімсіз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл сұрақ - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі», - деді ҚР БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова.

Мектеп бітіру іс-шараларына мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалар қатыса алады.

Мектеп бітіру кеші білім беру ұйымының өз күшімен ұйымдастырылуы керек.

 Мынадай мәселелерге рұқсат етілмейді:

 - аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды тартуға;

 - мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға;

 - автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;

 - мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;

 - ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 2022 жылғы 16-17 маусымда тапсырылады.

Ссылка на источник: МОН РК