Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола:
? Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
? Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
? Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
? Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.