Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ТМД-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕР ПЕДАГОГТЕРІНІҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі аяқталды. Оған Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Армения елдерінің өкілдері қатысты.

Съездің жабылу салтанатында ТМД елдері мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің II халықаралық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Ол мұғалімдердің VII съезі аясында екі күн бойы өтті. Қазылар алқасының мүшелері «Мұғалім», «Тәрбиеші» және «Психолог/әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша сабақты тиімді өткізу және оқушыларды дамыту бойынша үздік авторлық әдістемелерді анықтады.

Жұмыстар 4 критерий бойынша бағаланды: пәндік-әдістемелік мазмұны, шеберлік сыныбына қатысушылардың іс-әрекетті басқаруы, шеберлік сыныбының тиімділігі мен нәтижелілігі және мұғалімнің кәсіби мәдениеті.

Қазақстан тумасы, Беларусь елінің мұғалімі Василий Малиновский басқа елдерден келген әріптестерімен жүздесіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қалған ұстаздар да Съезд пен Педагогикалық шеберлік фестивалінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова құттықтады.

«Білім беру саласындағы практиктер мен мамандардың өзара әрекеттесуі, тәжірибе алмасуы оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы үздік әдістер мен тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл серіктестік мемлекетаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтып, жалпы білім беру жүйесін бірлесіп жетілдірудің тұрақты алаңына айналатынына сенімдімін. Іс-шараға қатысқан барлық елге алғысымды білдіргім келеді», – деп айтты ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

 

Ссылка на источник: МОН РК