Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-ЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл білім беру саласында зерттеу нәтижелерін қолдануды күшейтеді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Келісімшарттарға Алматыда өткен университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының форумында қол қойылды. Шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты.

«Бізге ғылым және білім саласының арасында тығыз, ауқымды және көпжақты байланыс орнату қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,  әлем бойынша жетекші елдер ғылым мен білім саласын тиімді біріктіре алды. Бұл тәжірибе қазақстандық білім және ғылым жүйесі үшін де маңызды. Енді біздің университеттер ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, ғылыми кадрларды даярлауды бірлесе жүзеге асыратын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру жоғары білім және ғылыми саласын, ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін арттыруға серпін береді», – деді Асхат Аймағамбетов өз сөзінде.

Асхат Аймағамбетов отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бірлескен жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын айтты. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Вирусология» жаңа бағдарламасын жасап, бірлескен диссертациялық кеңес ашты.

Бүгін қабылданған шешім аясында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары маман дайындауға қажетті 500-ден астам білім беру бағдарламасын жасайды. Бұл ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру бағдарламаларында пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ студенттермен соңғы ғылыми жетістіктермен бөлісу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарының 300-ден астам ғалымы жоғары оқу орындарында дәріс оқу, сабақ беру, ғылыми жұмыстар мен диссертацияларға жетекшілік етіп, рецензия жазу жұмыстарына тартылады. 

Бұдан бөлек бірлесе маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орындарының зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болады.

Олар Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Ұлттық биотехнология орталығы, Биологиялық қауіпсіздік институты және тағы да басқа теңдессіз ғылыми зертханаларда жұмыс істеп, тағылымдамадан өте алады.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерінен жасақталған жүзден аса диссертациялық кеңес ашылады. Осыған дейін ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары диссертациялық кеңестердің жұмысына қажетті деңгейде жұмылдырылмаған болатын.

Қабылданған шаралар ғылыми зерттеу сапасы мен ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттырып, ғылымға талантты жастарды тартуға оң ықпал етеді.

Ссылка на источник: МОН РК