Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТЕР МЕН МЕКТЕПТЕРДІҢ MICROSOFT-ТЫҢ ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУЫ, ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢАРТУ, ИНКЛЮЗИЯ БОЙЫНША БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КЕЛІСІМДЕР - ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ MICROSOFT КОМПАНИЯСЫМЕН ЫНТЫ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Microsoft компаниясының өкілдерімен кездесті.

Тараптар білім беруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға келісті.

«Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған сапарында Microsoft корпорациясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездескен болатын. Сол кезде тараптар компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейту перспективаларын талқылады. Ал бүгін осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде компания өкілдерімен бірден бірнеше келісімге келістік. Инклюзивті білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты нығайтамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ Microsoft-пен қазақстандық мектептердің «Office 365 Education» цифрлы платформасын пайдалануы туралы келісім жасалды. Microsoft сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне STEM-ді сабақта қолдану бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, мектептің информатика бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жасайды.

Қол жеткен келісімдердің нәтижесінде Microsoft «Microsoft Education Transformation Framework» әдіснамасы негізінде білім беруді трансформациялау бойынша ең үздік тәжірибелерді ұсынады. Педагогтер «Leaders in Digital Transformation» жаһандық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.

Сонымен бірге Microsoft «Microsoft Digital Literacy» оқу жоспары және «Microsoft Educator» («Майкрософт Педагог») халықаралық бағдарламасы арқылы педагогтер мен оқушылардың цифрлы сауаттылығын арттыруға қолдау көрсетеді.

Аймағамбетов министрлік меморандумға қол қоймас бұрын да педагогтердің біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша Microsoft корпорациясымен бірлесіп жұмыс істегенін атап өтті. Мысалы, «Майкрософт Педагог», «Майкрософт педагог-сарапшы» бағдарламасы бойынша қазақстандық мұғалімдер Венгрияда, Канадада, Сингапурда, АҚШ-та және басқа елдерде өткен мұғалімдерге арналған «Educator Exchange» халықаралық форумына қатысты.

Министр мектептеріміз де «Microsoft Imagine Cup Junior» бағдарламасына қатысып жатқанын атап өтті. 13-18 жас аралығындағы оқушылар жаңа технологиялармен танысып, оларды тәжірибеде қалай қолдану керегін үйренеді және жаһандық студенттік Хакатонға қатысады. 2022 жылы қазақстандық Unicode командасының жасанды интеллект арқылы жолбарыс популяциясын құтқару жобасы екінші орынды иеленді.

Ол Microsoft-пен ынтымақтастық пандемия кезінде де жүзеге асырылғанын айтты. Кездесу соңында тараптар одан әрі тиімді ынтымақтастық жалғасатынын атап өтті. 

Ссылка на источник: МОН РК