Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости
06.12.2022
Бүгін «Microsoft» компаниясының өкілдерімен кездестім.
Білім беруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Осылайша алда бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға келістік.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жасаған сапарында Microsoft корпорациясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездескен болатын. Сол кезде тараптар компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейту перспективаларын талқылады.
Ал бүгін осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде компания өкілдерімен бірден бірнеше келісімге келістік.
Инклюзивті білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты нығайтамыз.
Сондай-ақ біз Microsoft-пен қазақстандық мектептердің «Office 365 Education» цифрлы платформасын пайдалануы туралы талқылау жүргіздік. Microsoft сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне STEM-ді сабақта қолдану бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, мектептің информатика бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар жасайды.
Қол жеткен келісімдердің нәтижесінде Microsoft «Microsoft Education Transformation Framework» әдіснамасы негізінде білім беруді трансформациялау бойынша ең үздік тәжірибелерді ұсынады. Педагогтер «Leaders in Digital Transformation» жаһандық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.
Сонымен бірге Microsoft «Microsoft Digital Literacy» оқу жоспары және «Microsoft Educator» («Майкрософт Педагог») халықаралық бағдарламасы арқылы педагогтер мен оқушылардың цифрлы сауаттылығын арттыруға қолдау көрсетеді.
Меморандумға қол қойғанға дейін біз Microsoft компаниясымен педагогтердің біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша тығыз жұмыс істегенімізді атап өткім келеді.
Мысалы, «Майкрософт Педагог», «Майкрософт педагог-сарапшы» бағдарламасы бойынша қазақстандық мұғалімдер Венгрияда, Канадада, Сингапурда, АҚШ-та және басқа елдерде өткен мұғалімдерге арналған «Educator Exchange» халықаралық форумына қатысты.
Мектептеріміз де Microsoft-тың «Imagine Cup Junior» бағдарламасына қатысып жатыр. 13-18 жас аралығындағы оқушылар жаңа технологиялармен танысып, оларды тәжірибеде қалай қолдану керегін үйренеді және жаһандық студенттік Хакатонға қатысады. 2022 жылы қазақстандық Unicode командасының жасанды интеллект арқылы жолбарыс популяциясын құтқару жобасы екінші орынды иеленді.
Пандемия кезінде де Microsoft-пен бірлескен жұмысты жүзеге асырғанымызды атап өткім келеді.
Microsoft өкілдерімен одан әрі тиімді ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенемін.
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid036Du8MNZra1EmvrJnzX376Z5Zc1AzyQSEVaCkHJvASy9XWMxBajbtzUeV9hT6PLgBl
Ссылка на источник:
МОН РК