Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ «IJSO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУДА

В

Бангкок қаласында Жасөспірімдер арасындағы «IJSO» халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы басталды.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: тест, теориялық және эксперименттік, онда қатысушылар физика, химия және биология бойынша білімдерін көрсетуі керек.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан алты оқушы қатысады:Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы, Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы,Дария Бектұрсын, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы,Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы, Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы, Иван Рудик, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы.Құрама команданың жетекшілері: Самат Максутов, PhD доктор, Сүлейман Демирел университетінің доценті,Аскар Мажикенов, Назарбаев Университеттің магистранты.

Айта кетейік, Жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.2022 жылы Қазақстан құрама командасы 1 күміс және 5 қола жүлделеріне ие болды.IJSO - ға қатысқан барлық жылдары Қазақстан құрама командасы 53 жүлдеге ие болды, оның ішінде: 2 алтын, 9 күміс және 42 қола.

Олимпиаданың қорытындысы 9 желтоқсанда жабылу салтанатында жарияланады.

Ссылка на источник: МОН РК