Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстандық оқушылар Қытайдағы халықаралық робототехника турнирінде екі марапатқа ие болды

Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының «Water7» командасы Қытайдың Шанхай қаласында өткен «The CaoLu Cup» халықаралық робототехника турнирінде табысты өнер көрсетті. Қазақстандық оқушылар бірден екі марапатқа ие болып, еліміздің робототехника саласындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Команда Inspire Award номинациясы бойынша 3-орын алып, Judges' Choice Award Winner арнайы жүлдесін жеңіп алды.

«The CaoLu Cup» – FIRST Tech Challenge халықаралық бағдарламасы аясында өтетін беделді робототехника турнирі. Жарыс барысында қатысушылар роботтарды өздері құрастырып, бағдарламалап, түрлі инженерлік тапсырмаларды орындады. Турнирге Азияның және әлемнің бірнеше елінен келген үздік командалар қатысты.

«Water7» командасының құрамында 10-11 сынып оқушылары Кенесбек Нұралы, Меліс Арай, Тоқтасын Қуаныш, Аликұлы Омар, Абузяров Зариф, Истеусиз Еңлік, Сабыр Ақгүл, Ерболат Бекнұр, Бақыт Шыңғыс, Әлімхан Асылжан, Жігер Айжан, Ардақ Ақерке, Кенесбек Аяна, Тасболат Иманғали және Серік Дина бар.

Команданы халықаралық турнирге Айдос Ордабаев пен Алмас Жанатов дайындады.

Бұл жетістік қазақстандық оқушылардың инженерлік ойлау, командалық жұмыс және заманауи технологияларды меңгеру деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Ссылка на источник: МОН РК