Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді

2026 жылғы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды. Бұл - Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті.

Алтын медаль иегерлері:Андрей Енбахтов - Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;Сырым Амантай - Қарағанды облысындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:Дарын Бекбол - Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы;Азамат Жумажанов - Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;Айдос Серікбай - Алматы облысы, Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;Шынғыс Мүрсәлім - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;Нұрай Бакеева - Солтүстік Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:Амир Дарынов - Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы;Алан Козленко - Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманы жарысқа география пәнінің мұғалімі Нұрмағамбет Данат Мұратұлы (IQanat High School of Burabay) мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Шайхина Орал Бекболатқызы дайындап, жетекшілік етті.

Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтап, алдағы IGeO 2026 халықаралық география олимпиадасында жаңа жеңістер тілейміз._____________________

?instagram?facebook?tiktok?website

Ссылка на источник: МОН РК