Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АҚШ-ТАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШ БЕДЕЛДІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстандық оқушылар FIRST World Championship Дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен.

Алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін "Core Values Award" ерекше марапатына иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.

Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы "Robot Design Award" жоғары техникалық сыйлығын жеңіп алды. Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы "Motivate Award Finalist" төрешілердің ерекше марапатына Алматы қаласының РФММ-нің AENTA командасы ие болды. Роботтардың керемет ойынын жасаумен қатар, балалар STEM мәдениетін белсенді түрде насихаттайды және өз мектептерінде FIRST негіздерін енгізеді. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, командасы әлемдік аренада жоғары кәсібилік көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робототехника мен бағдарламалау негіздерін үйреткен болатын.

"Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жандарға алғыстымыз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы үлкен және жемісті жолдың басы ғана”, - деді USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Естеріңізге сала кетейік, құраманың құрамы осы жылдың ақпан айында Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында құрылған болатын.

"Бұл 110 елдің қатысушылары арасында қиын жарыс болды. Біз балаларымыздың жоғары кәсіпқойлық көрсеткенін және өздерінің лайықты марапаттарын алғанын мақтан тұтамыз. Олардың жарқын жеңістері еліміздің барлық оқушылары үшін мотивация болады деп сенеміз", - деп атап өтті "Дарын" РҒПО Педагогикалық шеберлік зертханасының жетекшісі Айгүл Қарақұлова.

Робототехника бойынша Бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.

Ссылка на источник: МОН РК