Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстандық колледж педагогтері халықаралық «ETF Green Skills Awards 2025» жобасының жеңімпаздары атанды

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Досан Қарашаев пен Айнұр Ондаханова халықаралық деңгейдегі беделді «ETF Green Skills Awards 2025» жобасында жеңімпаз атанды - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған байқау Еуропалық оқыту қорының (European Training Foundation – ETF) ұйымдастыруымен өтті. Педагогтер конкурсқа «Заманауи білім беру бағдарламаларының жасыл технологияларды дамытудағы ролі» тақырыбындағы авторлық жобаларын ұсынып, жаңартылатын энергия көздерін оқу үдерісіне тиімді енгізу, сондай-ақ болашақ мамандардың экологиялық құзыреттілігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді жан-жақты негіздеді.

Халықаралық жобаға әлемнің 50-ден астам елінен 250-ден аса үміткер қатысып, іріктеу бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Барлық кезеңдерден сәтті өткен маңғыстаулық педагогтер өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында жоғары кәсіби деңгейде қорғап, нәтижесінде ең үздік бес жобаның қатарына енді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Италияның Турин қаласында өтті. Салтанатты шара Турин политехникалық университетінде ұйымдастырылған «ЕО – Италия энергетика күндері: энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету және нығайту бойынша жаңа іс-қимылдар» атты халықаралық конференция аясында өткізілді. Биылғы рәсім «Green Skills» сыйлығының бес жылдық мерейтойына арналды.

Ссылка на источник: МОН РК