Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 12 маусымды Абай облысындағы орман өртініңсалдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мен туыстарына көңіл айтады.