Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстанда ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі: мектепке дейінгі сапалы білім алуға жасалған қадам
Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы),Түркістан және Шымкент қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда. Тараз қаласында ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі үш ай ішінде 21 мыңнан астам ваучердің таратылуына мүмкіндік берді. Бірінші рет қала бойынша түзету балабақшасы тізімге енді. Қазіргі уақытта Тараз қаласында орналасқан барлық 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда. Оның ішінде 19 білім беру мекемесінің жаңадан ашылғанын және соған қарамастан тізімге еніп, ваучерлік қаржыландыруға қатысуға мүмкіндік алғанын айта кету керек. Шымкент қаласында 608 мектепке дейінгі ұйымның 589-ы бүгіннің өзінде ваучерлік қаржыландыруға көшіп үлгерді. Кезектегі балаларға ваучер беру 17 қазанда басталды. Осы кезең ішінде 4646 бала балабақшаға жолдама алды. Түркістанда орналақан барлық 144 мектепке дейінгі ұйым жаңа механизм бойынша қаржыландыруға көшті, бүгінге дейін 236 ваучер берілді. Естеріңізге сала кетейік, ваучерлік қаржыландыру жүйесі белгіленген талаптарға сай келетін барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің болуына ықпал етеді. Жүйе арқылы ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда «ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады» қағидасы жүзеге асырылады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Келесі жылдан бастап пилоттық жоба еліміздің басқа да өңірлеріне таратылады деп жоспарлануда. Анықтама үшін: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 5 532 мемлекеттік, 6 110 жеке мектепке дейінгі ұйымдар бар. Қазір кезекте тұрған балалардың есебінен алғанда 2 жастан мектепке дейінгі білім берумен қамту 91,5 % құрайды.
Ссылка на источник: МОН РК