Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ

Колледж басшыларының басқарушылық құзыреттілігін дамыту мақсатында 2025 жылға дейін кадрлық резерв құрылады. Оған 200-ге жуық маман кіреді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Колледж педагогтері мен басшыларының сапалы құрамын қалыптастыру мақсатында «мамандыққа бүйірлік кіру» мүмкіндіктері қарастырылған.

5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өндірістен қабылданған педагогтерге аттестациядан өтпей «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жылдан астам өндірістік еңбек өтілі бар мұғалімдердің еңбекақысына 35% қосымша ақы қосылады және сарапшы санаты беріледі.

Бұдан басқа, биыл 30 мыңнан астам колледж педагогтері біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Республиканың барлық өңірлеріндегі курстар аясында колледж педагогтері 5 түрлі бағдарлама бойынша білім алуда.

Ссылка на источник: МОН РК