Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

ҚАЗАҚСТАНДА ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ: ЖЕҢІМПАЗДАР БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА ИЕ БОЛАДЫ

Бүгін Қазақстанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды. Биыл министрлік пен отандық жоғары оқу орындары арасында қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде жеңімпаздар жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын жеңіп ала алады. Қорытынды кезең Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтіп жатыр. Олимпиада 15 қараша басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. Зияткерлік байқауда еліміздің барлық өңірінен 182 оқушы бақ сынайды.

Айта кетейік, Президенттік олимпиадаға 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Оларға төрт пән бойынша — математика, физика, химия және биологиядан тапсырмалар беріледі.

«Біз оқушыларымызды ынталандыру және болашақта олар өз білімдерін халықаралық олимпиадаларда көрсете алуына барынша жағдай жасау үшін әртүрлі деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) олимпиадаларды дайындап, өткіземіз. Президенттік олимпиада үш кезеңде өтеді. Атап айтсақ, аймақтық, іріктеу және республикалық кезең. Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі қыркүйек айында өтті, оған республиканың барлық өңірінен 3 мыңнан астам оқушы қатысты. Екінші кезеңге 396 оқушы өтті. Іріктеу кезеңі 22 қазанда бір мезгілде барлық облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда ұйымдастырылды. Осылайша, қорытынды республикалық кезеңге 182 оқушы іріктелді. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ біз олимпиада жеңімпаздары үшін білім гранттарын бөлуге дайын екендіктерін білдірген бірнеше жоғары оқу орнымен келісімге қол жеткіздік», — деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

 

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары бағалайтын болады. Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс онлайн түрде көрсетіледі. Бейнетрансляцияға сілтемелер http://daryn.kz  «Дарын» РҒПО аккаунттарында ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

«Дарын» орталығы жыл сайын өткізетін зияткерлік байқау еліміз бойынша дарынды оқушыларды анықтауға және олардың әлеуетін іске асыру барысында қолдау көрсетуге көмектеседі.

Ссылка на источник: МОН РК