Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді

Биология пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада биыл алғаш рет Қазақстанда өтеді. Үкіметте «IBO-2024» атты білім додасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Internetional biology оlympiad» әлемдегі топ-7 пәндік жарыстардың қатарына кіреді. Қазақстандық оқушылар бұл сайысқа 28 жыл бойы тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 70-тен астам түрлі наградаларға ие болды: 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль. Осындай жетістіктерді ескерген халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы Астанада өткізуді ұйғарды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, биылғы додада ел намысын 4 дарынды оқушымыз қорғайтын болады.

«Елордада өтетін халықаралық олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен олардың 275 жетекшісі келмек. Жарыс талаптарына сай, ұйымдастыру және ғылыми комитеттер құрылып, арнайы www.ibo2024.kz сайты әзірленген. Демеушілер есебінен теориялық және тәжірибелік кезеңдерге қажетті құрылғылар сатып алынды. Олимпиада кезінде 80-нен аса волонтер қолдау көрсетпек»,— деді Еділ Оспан.

Негізгі зияткерлік турнирден бөлек, қатысушылар үшін елорда мен Ақмола облысының көрікті жерлері бойынша тур қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанның тарихымен және ұлттық өнерімен танысу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тамара Дүйсенова халықаралық олимпиаданың маңыздылығына тоқталып өтіп, оны ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктеді.

«Олимпиаданың Қазақстанда өткізу оқушыларымыздың білім деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Сайыс белгіленген талапқа сай өтуі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Басқа елдерден келген оқушыларды қабылдай отырып, біз үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Білім додасына қатысатын балалардың орналасқан жеріндегі, олимпиада өтетін орындағы санитарлық талаптардың сақталуына, тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырамын», — деді Тамара Дүйсенова.

Ссылка на источник: МОН РК