Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстан ұлттық құрамасы JBMO математикадан Балқан олимпиадасына қатысады

Қазақстандық оқушылар JBMO-2024 математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасына қатысады. Биыл олимпиада 25-30 маусым аралығында Анталья қаласында өтеді.

Еліміздің ұлттық командасында алты жас математик бар, олардың барлығы 2024 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы; Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Сұлтанәли Алиасқар — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы; Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Эрик Лим — Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі:Антон Николаевич Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Анықтама үшін: Математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) - Балқан түбегі елдерінің оқушыларына арналған байқау. Қазақстан олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысады.

Ссылка на источник: МОН РК