Швейцарияның Цирюх қаласында химиядан халықаралық олимпиада (IChO-2023) басталды. Интеллектуалды сайыста әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушысы бақ сынайтын болады. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар. Астана, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларынан барған 4 оқушы бар республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және олимпиадалық резерв мүшелері. Олар химиядан әлемдік білім сайысында Қазақстан намысын қорғайтын болады. «Бұл олимпиадаға өз елдерінің ұлттық олимпиадаларда жеңімпаз атанған химиктердің ең үздіктері келді. Олимпиада теориялық және эксперименттік турлардан тұрады. Екі тур да 5 сағатқа дейін созылады және бірнеше күн бойы өтеді. Әрбір тур бір-бірінен тәуелсіз бағаланады және емтихан нәтижелерінің қосындысы қатысушының жалпы нәтижесін анықтайды. Әр қатысушы елдің екі жетекшісінен тұратын халықаралық қазылар алқасы тапсырмаларды таңдап, талқылап, дауыс береді», - дейді құрама команданың ғылыми жетекшісі Азим Аманжолов.Ең жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлер 24 шілде анықталатын болады. Осымен 55-ші рет өткізіліп отырған халықаралық олимпиада медальдары келесі қағида бойынша беріледі:Жеңімпаздардың 12%-на алтын,22%-на күміс және 32%-на қола медаль беріледі.Қатысушылардың 10%-ы құрмет грамоталарымен марапатталады.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате