Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости
12.12.2024
Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:
Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;
Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Анықтама:
IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Қазақстан құрамасын, команда жетекшілерін, ұстаздар мен ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Ссылка на источник:
МОН РК