Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Новости

Қазақстан мектептерінің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.   2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.   «Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.   Қазіргі уақытта елімізде барлығы 221 ППТК, 105 ПМПК және 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс жасайды.
Ссылка на источник: МОН РК