Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері әрбір жетім баланың отбасында өмір сүру құқығын қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Бүгінде жетім балалардың 80%-ы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына берілген. Жыл сайын Қазақстан азаматтары өз отбасыларына 1000-нан астам жетім балаларды қабылдап келеді. «Біз балалар үйлерін институционалсыздандыруды жалғастырып келеміз және 3 жыл ішінде олардың саны 21 ұйымға азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балаларды отбасыларға орналастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ интернат ұйымдары тәрбиеленушілерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.Сондай-ақ, өткен жылы 700-ден астам жетім бала баспаналы болғанын айта кету керек, бұл олардың негізгі құқықтары және толыққанды дамуы үшін жағдай тудырудағы тағы бір маңызды қадам болды.
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате