
Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Новости

14.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтар жылы» логотипі салынған ерекше жоба ұсынды. Бұл жоба туралы идея фестивальге дайындық барысында туған. Кәсіби шеберлік пен шығармашылықтың жарқын көрінісі болған жобаны авторлары екі күнде дайындаған.
Жобаның авторы — колледжде 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Рымбек Қапашұлы. Бұл жұмысты орындауға колледж студенттері де белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданды.
Сонымен қатар колледж «Жұмысшы мамандықтар жылы» логотипі бейнеленген бұйымдар мен шыны ыдыстар әзірледі. Бұл кәдесыйлар фестиваль ұсынған ерекше жобалардың бірі болды.
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтар саласында қолданылатын заманауи технологияларды таныстыратын маңызды алаңға айналды.
Ссылка на источник:
МОН РК